

1984 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
«Құқықтану», «Экономика» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша жоғары білім алған. 2021 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасы аясында АҚШ-тағы Пенсильвания мемлекеттік университетінде (Pennsylvania State University) құқық мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2004 жылы жастар ісі жөніндегі төраға қызметінен бастаған.
Әр жылдары Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы қоғамдық бірлестігін басқарған, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Институтында аға прокурор, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2012 жылғы қыркүйек пен 2016 жылғы сәуір аралығында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.
2016 жылғы сәуірден 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылы Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, кейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы наурызға дейін Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2020 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
2023 жылғы сәуірде Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2023 жылғы 18 қазаннан бастап Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.
2026 жылғы 27 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.