

1976 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.
С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті «Есеп және аудит» бакалавры мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Саясаттану» магистры мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Құқықтану» бакалавры мамандығы бойынша, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Құрылыс» бакалавры мамандығы бойынша, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
1999-2006 жж. – Астана қаласы әкімдігінде түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қ..
2019-2022 жж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
19.09.2022 ж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
09.01.2023 ж. - Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары