Шаңырақ күні

Шаңырақ күні

Бұл күн мәдениетті және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.

Бүгін жас жұбайлар арасында “Неке қию” рәсімін өткіздік. Сонымен қатар, сыйлы ақсақалдар мен көпбалалы аналар жас жұбайларға, елге бақ-береке тілеп, «Наурыз бата» берді.

Неке кию рәсімі - бұл жай ғана дәстүр емес, бұл берік отбасының, құрмет пен өзара қолдаудың символы. Біздің қарттарымызды да бекер шақырған жоқпыз. Олардың тәжірибесі — махаббат пен сенім барлық сынақтардан өтуге көмектесетінінің тірі үлгісі.

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Әр отбасында қуаныш, бақ-береке болсын!