17 наурыз Шаңырақ күні

17 наурыз Шаңырақ күні

Отбасын құру - әр адам үшін маңызды қадам. Неке қиып, отбасылы болу арқылы адам өз мойнына үлкен жауапкершілік алады.

Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз Шаңырақ күні болып бекітілді. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналады.

Осыған орай, АХАТ бөлімімен бірлесіп, 3 жас жұбайлар мен 50 және 25 жыл бойы бірге қол ұстасып келе жатқан ерлі-зайыптылардың қатысуымен керемет шара өтті. Шара аясында жас жұбайлардың неке қию рәсімін өткізіп, ерлі-зайыптыларды құттықтадық.