Жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері

Жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері

Бүгін Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасымен бірге С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Студенттер үшін дін мәселелері бойынша теолог мамандармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында студенттерді қызықтыратын сұрақтар талқыланды.

Аталған жұмыс елорданың барлық жоғары оқу орындарын толықтай қамтитын болады.