Жас отбасыларға арналған ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИР

Жас отбасыларға арналған ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИР

Күні кеше Оқушылар сарайында Отбасы күніне орай "ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ" неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені аясында Жас отбасыларға арналған ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИР өтті. Отбасылық турнирге 35 жасқа дейінгі елордалық жас отбасылардан 87 өтінім келіп түсті. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын Мейрамбековтар отбасы (500 000 теңге), екінші орын Тұғамбаевтар отбасы (300 000 теңге), үшінші орын Усеновтар отбасы (150 000 теңге) иеленіп, сертификаттар табысталды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жас отбасыларды қолдау бағытында әлі де алда бірнеше шаралар бар. Барлығы туралы хабардар болу үшін бізбен бірге болыңыздар