Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Maqsut Narikbayev University студенттерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға бес мыңнан астам адам қатысты.
Кештің қызған шағында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында тұрақтылық, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік институттарға деген сенімді білдіретін, ауданы 300 шаршы метр болатын алып ту жайылды. Сондай-ақ алаңда ауданы 800 шаршы метрге жететін Қазақстанның туы да қатар жайылды. Ол рәсімнің басты патриоттық нышанына айналды.
Биылғы салтанат «Arman iesi. Think. Create. Lead» тақырыбымен өтті. Бұл – құбылмалы заманда жастардың көшбасшылыққа, жаңашылдыққа, батыл және жауапты ойлауға деген ұмтылысын бейнелейді.
Бағдарлама аясында қатысушылар іс-шара идеясына сай армандай білу, өз мақсатын жүзеге асыру және ойды нақты іске айналдыру тақырыбында әлеуметтік жобалар мен театрландырылған қойылымдарын ұсынды.