Астаналықтар Республика күні олар үшін нені білдіретінін айтты

Астаналықтар Республика күні олар үшін нені білдіретінін айтты

Республика күні қарсаңында "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері қуыршақ Тазабекпен бірге елорда тұрғындарына блиц-сауалнама жүргізді.
 
Акцияның мақсаты - астаналықтардың ұлттық мерекеге деген көзқарасын білу, осы күннің тарихи маңызы туралы білім деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
 
Сауалнама шеңберінде қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің - Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының маңызы, олардың тарихы мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі туралы сұрақтар қойылды.

Дұрыс жауаптар үшін қатысушылар естелік сыйлықтар - фирмалық сөмкелер алды.
 
Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі Республика күні Қазақстан халқының тәуелсіздігін, бірлігін бейнелейтін ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар өтеді.