Елордалық студенттер жатақханаларының маңында «Таза бейсенбі» экоакциясын өткізді

Елордалық студенттер жатақханаларының маңында «Таза бейсенбі» экоакциясын өткізді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері тазалық акциясын ұйымдастырып, жатақханаларының маңайын қоқыстан тазартты.

Студенттер «Таза Қазақстан» экобастамасын қолдап, «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. Олар оқу кезінде тұрып жатқан жатақхананың ауласын ретке келтіріп, қоқыстарды жинады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалық пен жайлылықты сақтап қана қоймай, жастардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын тәрбиелейді, сондай-ақ бірлік пен жауапкершілік сезімін арттырады.

Студенттер дәстүрді жалғастырып, алдағы уақытта да осындай акцияларға өз қатарластарын көптеп тартуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кету керек, бұл бастаманы елорданың басқа жоғары оқу орындарының студенттері де қолдады.