Астанада футбол жанкүйерлері матчты ерекше шарамен аяқтады

Астанада футбол жанкүйерлері матчты ерекше шарамен аяқтады

Әлем чемпионатының іріктеу ойынында Қазақстан мен Уэльс құрамалары матчынан кейін жанкүйерлер «Астана-Арена» стадионында ерекше экологиялық акция өткізді.

Ойын соңында жанкүйерлердің көбісі трибунада қалып, қоқыс жинауға атсалысты. Осы арқылы олар тазалық мәдениетін қолдап, ортақ кеңістікке құрмет көрсетті.

Бұл бастамаға астаналықтардың көзайымына айналған экобейнесі – Тазабек те қосылды. Оның қатысуы жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, тазалық шарасын достыққа толы әрі ерекше атмосферадағы кештің қорытындысына айналдырды.

Осылайша жанкүйерлер ұлттық құрамаға деген сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар қаланың тазалығы мен экологиялық ахуалы үшін де жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті.