«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру
«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу басталғанын жариялаймыз.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы), телефондары арқылы алуға болады.
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 , 2-қабат, 220 кабинет, жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі, эл.пошта: b.kasymov@astana.kz.