«Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1357-01 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- Санаттар тізбесі, атап айтқанда «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар» санатын толықтырылуымен (Қағиданың 13-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылды: «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар») кеңейтілді;

- Қағиданың «Тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына кірісті есепке алмағанда көрсетіледі» 43-тармағының 1) тармақшасы (тіс протездеу), Қағиданың «Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанын төлеуге әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын орташа табыс болған кезде ақшалай төлемдер түрінде ұсынылады» 66 тармағы «Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға» мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылды;

- қатты отын сатып алуға, газдандыруға жұмсалған шығындарды өтеу бөлігінде Қағиданың 87, 92-тармақтары алушылардың жаңа санатын толықтыра отырып, жаңа редакцияда: «Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға» жазылды;

Қызмет алушылардың назарына ағымдағы жылы тіс протездеу қызметтерінің қолданыстағы шарттарына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға,  тіс протездеу қызметтері 2025 жылдан бастап ұсынылатынын жеткіземіз.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай (2024 жылғы 26 наурыздағы хабарландыру) Нұра, Есіл, Алматы аудандары бойынша тіс протездеу қызметтеріне жазылу 2024 жылғы 1-10 сәуір аралығында жүргізілді.

Байқоңыр және Сарыарқа аудандары бойынша тіс протездеу қызметтеріне жазылу 2024 жылғы 22-30 сәуір аралығында жүргізіледі.

Тіс протездеу қызметтерін алу кезінде, алғаш рет протездің «Термобюгел» жаңа қымбат түрі қолданылады, ол өз кезегінде тіс протезінің қызмет ету мерзімін артырады.