Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен 2023 жылдың 11 қыркүйегінде Астана қаласында кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысын өткізу жоспарлануда.

Комиссия отырысын өткізу уақыты мен орны туралы микрокредит алуға үміткерлер қосымша хабардар етіледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына жастарға микрокредит беру бойынша толықтырулар енгізілген.

Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі  5 жылға дейін 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады.

2023 жылы Астана қаласы бойынша 562 микрокредиттер беру жоспарлануда. Өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында Астана қаласы, Тұран көшесі, 19/1 («Эдем» БО) мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады  (анықтама телефоны: 8-701-006-16-38).