АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ұсынылатын әлеуметтік көмек

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, егер осындай ақшалай төлемдерді ұсыну үшін негіздер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен болмаса, әлеуметтік көмек көрсетеді.

Әлеуметтік көмектің мөлшері өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты шығындарын негізге ала отырып айқындалады, бірақ 13 АЕК-тен аспайды (2022 жылы 41 340 теңге) және жылына бір рет көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек медициналық көрсеткіштерге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жедел сатып алу, медициналық қызметтерді алу үшін қаржы құралдарына деген өткір қажеттілікті жоюға арналған.

Негіздер бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар:

  • егде жасына байланысты, ауырған ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз, бөгде адамның тұрақты күтіміне мұқтаж адамдар;
  • дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар;
  • әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан 15 АЕК (2022 жылы 47 700 теңге)
  • пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар 15 АЕК (2022 жылы 47 700 теңге)

            Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші электрондық үкіметтің www.egov.kz  Web порталы арқылы немесе Бейбітшілік көшесі, 9 үйде орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төмендегі құжаттарды қоса ұсынады:

1) Жеке басты куәландыратын құжат;

2) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға байланысты адамның болған шығындарын растайтын құжаттар (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, рецептер, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және т.б.);

3) екінші деңгейдегі банктегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

 Әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген азаматтардың өтініштерін Басқарма көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей қарайды. Әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

Толық кеңес алу үшін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына келесі телефондарға хабарласуға болады:

    - «Сарыарқа» ауданы бойынша:

                        55-14-87,  8-705-645-06-53;

    - «Алматы» ауданы бойынша:

                             55-01-74, 8-705-645-06-38;

    - «Есіл» ауданы бойынша:

                             55-74-50, 8-705-645-06-71;

    - «Байкоңыр» ауданы бойынша:

                             55-72-32, 8-705-645-06-92.