Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

 

Атаулы әлеуметтік көмек – отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығару үшін жұмыспен қамту, бизнесті ұйымдастыруға және басқа да жұмыспен қамту нысандарына жәрдемдесу арқылы аз қамтылған отбасының табысын арттыруға бағытталған атаулы көмек.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы өз жұмысында отбасының әрбір мүшесі туралы ресми ақпаратты, атап айтқанда отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайы, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұралатын мәліметтерін пайдаланатынын ескертеміз.

Сондай-ақ, жылдың алдыңғы тоқсандағы елордада бекітілген кедейшілік шегіне сәйкес адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының және атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерінің алдын ала есебі жүргізіледі:

- жеке кәсіпкерлігі және ЖШС бар АӘК алушылардың кемінде 25 АЕК (79 500 теңге) көлеміндегі кірісі есепке алынады;

- кірісті жасыру (алимент, жылжымалы және жылжымайтын мүліктен түскен кіріс және т.б), мәліметтердің жеткіліксіз толықтығы мен дұрыстығына байланысты көрінеу жалған ақпарат берген тұлғалардың (мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық жүйелерінде отбасы мүшелерінің тіркелген жері туралы өзекті деректердің сәйкес келмеуі немесе болмауы «Е-Халықпен» интеграцияланған) отбасына 6 айға дейін AӘК тағайындаудан бас тартылуы мүмкін.

АӘК тағайындау, төлеу және алу шарттары бойынша барлық сұрақтарды 8-7172-24-96-34, 8-7172-24-96-64 бірыңғай нөмірлері арқылы қоюға болады. Жұмыспен қамту орталығындағы кеңестер әрбір өтініш берушімен жеке жүргізіледі.

Кеңес беру қорытындысы бойынша азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Электрондық өтініш» бөлімі арқылы немесе Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының info@czn.kz электронды поштасына, сондай-ақ Астана қаласы, Бейбітшілік-14 көшесі мекенжайында орналасқан «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығына хабарласуға болады.