
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма), Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 03 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 33-тармағына сәйкес, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілу негізі бойынша әлеуметтік көмек мынадай мөлшерлерде ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:
- дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге – жалғыз болып табылатын тұрғын үйіне залал келтірілген жағдайда, бір отбасына 400 айлық есептік көрсеткіш;
- өрт салдарынан зардап шеккендерге - жалғыз болып табылатын тұрғын үйіне залал келтірілген жағдайда, бір отбасына 400 айлық есептік көрсеткіш;
- өрт салдарынан отбасы мүшелерінің қаза болу жағдайы орын алған кезде – әрбір қайтыс болған адамға 150 айлық есептік көрсеткіш.
Әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген әрі тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.
Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек алу үшін www.egov.kz (Электрондық үкімет) веб-порталы арқылы немесе Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 үйде орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төмендегі құжаттарды қосып өтініш ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) дүлей зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;
3) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;
4) жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің өтініш берушіге тиесілі екенін растайтын құжаттар:
меншік құқығында тиесілі тұрғын үй үшін – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама және құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тұрғын үй үшін – меншік иесі тарапынан тұрғын үйді күтіп-ұстау міндеті белгіленген тұрғын үйде тұру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және онымен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар – адам өлімі болған жағдайда.
Ереженің 36-тармағына сәйкес Басқарма табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап төрт айдан кешіктірмей әлеуметтік көмек алуға келіп түскен өтініштерді қарайды.
Толық кенес алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
Алматы ауданы бойынша: 55-01-74;
Байқоңыр ауданы бойынша: 55-72-32;
Есіл ауданы бойынша: 55-74-50;
Сарыарқа ауданы бойынша: 55-14-87;
Нұра ауданы бойынша: 55-68-40;
Сарайшық ауданы бойынша: 55-68-22.