
Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілейтін квота шеңберінде, Қазақстан Республикасының ішкі еңбек нарығын қорғау қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы үшін келесі құжаттар қажет:
Ішкі еңбек нарығында тиісті кандидаттарды іздеу жұмыс беруші тарапынан Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 103-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес электрондық еңбек биржасына (www.enbek.kz) бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасына бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді берген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн өткен соң, орналастырылған бос жұмыс орнының жарияланым кодын көрсете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтініш жолдайды.
Сондай-ақ, «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі», «Көші-қон полициясы», «ОТиБ» ақпараттық жүйелері, сондай-ақ «ИРС» ААЖ және «ЕСУТД» ИАЖ жүйелерінде тіркелген бұзушылықтарды жою қажет.
Өтініш сайтта беріледі https://elicense.kz/?lang=ru .
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні.