Астана қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушылар болып табылатынын және Қазақстандағы жалғыз тұрғын үйдің иелеріне мемлекеттік «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі көрсетілетінін

Астана қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушылар болып табылатынын және Қазақстандағы жалғыз тұрғын үйдің иелеріне мемлекеттік «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі көрсетілетінін  Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлайды.

         Тұрғын үй көмегі коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеу құны отбасының жалпы табысының 5 пайызынан асатын болса тағайындалады.

         Сонымен қатар, өтініштерді қабылдау және осы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы тоқсан сайын жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Астана қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25676 болып тіркелген. (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V21A0025676#z7)

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Өтініш;
  • барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының табысын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • айналымдағы тоқсанның алдындағы тоқсандағы коммуналдық төлемдердің көшірмелері;
  • банктік шоттың көшірмесі;