
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішті өз елінде төменде көрсетілген негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша қудаланудан негізді түрде қауіптенетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бере алады:
Өтініш беру үшін қажет:
Қайда жүгіну қажет?
Өтінішті өтініш беруші өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органына береді.
Өтініш беру мерзімі
Өтініш Қазақстан Республикасына келген күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде не адамға қудаланудан қауіптенуге негіз болған мән-жайлар белгілі болған сәттен бастап берілуге тиіс.
Өтініш тіркелгеннен кейін өтініш берушіге өтініш қаралған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында заңды болуын растайтын пана іздеуші адамның куәлігі беріледі. Бұдан әрі уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық тіркеуді, медициналық куәландыруды жүргізеді, жеке әңгімелесу өткізеді, сондай-ақ өтініш беруші баяндаған мәліметтер мен мән-жайлардың дұрыстығын тексереді. Дактилоскопиялық тіркеу мен медициналық куәландыру өтініш тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша босқын мәртебесін беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылданады, бұл туралы өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар етіледі. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауға болады.
Байланыс телефондары:
+7 (7172) 55-68-13
+7 (7172) 55-14-88