2026 жылғы 23 шілдеде сағат 10:00-де Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 143-кабинет) «Хұқықтық мемлекет және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара Астана қаласының өңірлік жобалық кеңсесінің «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылып отыр.
Кездесудің мақсаты әлеуметтік қолдаудың қазіргі тетіктерін, қалада қолжетімді орта қалыптастыруды, сондай-ақ спорт және қоғамдық бастамалар арқылы азаматтарды оңалту мен интеграциялау мәселелерін талқылауды көздейді.
Дөңгелек үстелге белсенділер, студенттер, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да тұлғалар қатысады.
Жауапты тұлға:Аубакирова Айнұр Альмухановна +7 701 274 2200