Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Әлеуметтік қызметтер порталында тапсырысқа қол қоюдың екі тәсілі қолжетімді екенін хабарлайды:
- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы;
- QR-код арқылы (eGov Mobile мобильді қосымшасы болған жағдайда).
Сіздердің ыңғайлылықтарыңыз үшін Әлеуметтік қызметтер порталының «Нұсқаулықтар»бөлімінде ЭЦҚ және QR-код арқылы тапсырысқа қол қою тәртібі бойынша мәтіндік және бейне нұсқаулықтар орналастырылған.