Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз ету тәртібі

Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз ету тәртібі

Мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар Астана қаласы Кравцова 18 мекен-жайында орналасқан Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің медико-әлеуметтік сараптау  бөлімімен әзірлеген (байланыс нөмірі: 98-58-02, 24-82-61,) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ)  сәйкес санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

Санаторийлік-курорттық емделу тек АОЖБ  және берілген өтініш негізінде ұсынылады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары (Халыққа қызмет көрсету орталығы)арқылы;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (egov.kz).

Нұсқау: (www.egov.kz -------  Әлеуметтік қамтамасыз ету ---- Мүгедектігі бар адамдарды қолдау ---- Мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу ---- Онлайн сұрау) 

📌 МАҢЫЗДЫ!

Санаторийлік-курорттық  емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі. 

Санаторийлік-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу мүгедектігі бар адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Өнім берушіні (санаторлық мекемені) таңдау Әлеуметтік қызметтер порталы (http://aleumet.egov.kz) арқылы АОЖБ іс-шараларының порталға жіберілгені туралы SMS-хабарлама алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуы керек.

Толық ақпарат алу үшін, Бейбітшілік 14 мекенжайы бойынша орналасқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгіне аласыз (міндетті түрде «электронды цифрлы қолтаңба» қажет).