Құрметті кәсіпкерлер, объектілердің иелері мен басшылары!
Сіздерге әлеуметтік, көліктік және коммерциялық инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін өз бетінше бағалауға арналған жаңа онлайн-құралдың іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.
Сіздерді Inva.gov.kz порталында қысқаша сауалнамадан өтуге шақырамыз.
Артықшылықтары:• Жылдам аудит: сіз өз ғимаратыңыздың, дүкеніңіздің, дәріханаңыздың немесе кеңсеңіздің мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектелген азаматтар үшін қаншалықты ыңғайлы екенін өз бетіңізше бағалай аласыз.
⏱ Толтыру уақыты: шамамен 10 минут.
🔗 Сауалнамадан қазір өту: https://inva.gov.kz/assessment/general-info/results
Қазақстанның әрбір азаматы үшін қолжетімді әрі жайлы орта құруға өз үлесіңізді қосыңыз!