
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында мүгедектігі бар адамдар абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) тоқсан сайын қамтамасыз етілетінін хабарлайды.
Жылдық көлемі 1460 дана болып белгіленген жағдайда, құралдар тоқсан сайын беріледі. Қызметті қайта рәсімдеу алдыңғы алған күннен бастап кемінде 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана мүмкін болады.
Әлеуметтік қызметтер порталында тапсырысты рәсімдеуге көмек алу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14 мекенжайында орналасқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгінуді ұсынамыз.