Астана қаласы «Алматы» ауданында тіркелген азаматтарды тегін тіс протездеуге және протез алды ауыз-қуысын тазалау бойынша хабарландыру

Астана қаласы «Алматы» ауданында тіркелген азаматтарды тегін тіс протездеуге және протез алды ауыз-қуысын тазалау бойынша хабарландыру

Астана қаласы «Алматы» ауданында тіркелген азаматтарды тегін тіс протездеуге және протез алды ауыз-қуысын тазалау бойынша хабарландыру 

2026 жылғы 02 наурыздан бастап 06 наурыз аралығында, сағат: 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс уақыты: 13.00-14.00), «UV DENT» ЖШС-де (ZEIN отбасылық стоматология клиникасында) Ғ.Мусрепов 16/1, мекен-жайында орналасқан. Астана қаласында тіркелген азаматтарды тегін тіс протездеуге және протез алды ауыз-қуысын тазалау бойынша «Алматы» ауданы (байланыс телефондары: : 8(705)760 -43-78; 8(708) 425– 55 - 45; +7 (7172) 25 – 55 - 45, жазылу келесі санаттар бойынша жүргізіледі:

  • ҰОС ардагерлері және ҰОС-ның мүгедектері, соған теңестірілгендер (Чернобыль, Ауған соғысы ардагерлері);
  • жасы бойынша зейнеткерлер (ер кісілер-63 жасы, әйел кісілер - 61жас);
  • І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігі бар тұлғалар;
  • көп балалы аналар (көп балалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар санатынан (аналар) (АӘК алушылардың қатарынан);
  • мүгедектігі бар балаларды асырап отырған отбасы (ата-анасының біреуіне);
  • Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар (алуға құқығы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда оқитын балаларды қоса алғанда, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады).

 

 Жазу онлайн режимінде жүзеге асырылады. Бұл жазу форматы халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.

 Құжаттар тізімі:

  • Қазақстан Республикасының жеке куәлігі
  • Зейнеткер куәлігі
  • І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігі туралы куәлігі
  • Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатынын растайтын құжат.