Құрметті, Астана қаласының зейнеткерлері!

Құрметті, Астана қаласының зейнеткерлері!

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласының жасы бойынша зейнеткерлері үшін (мүгедектігі бар тұлғаларды қоспағанда, олар үшін әзірленген жеке оңалту және абилитация бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған тұлғалар) Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Zari» санаторийіне  санаторлық-курорттық емдеуге жазылу ашылғанын хабарлайды.

Жазылу электрондық форматта birge.astana.kz сайты арқылы, электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦП) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Үйден шықпай-ақ, өз бетіңізше жазыла аласыз.

Шипажайға жазылу шипажайға баруға жоспарланған айға екі ай қалғанда — алғашқы жұмыс күні сағат 08:00-де ашылады.

Мысалы:

  • наурыз және сәуір айларына жазылу — 2026 жылдың ақпанында;
  • мамыр айына — 2026 жылдың 2 наурызында
  • маусым айына 1 сәуірінде ашылады және т.б.

 

📌 Назар аударыңыз! Егер жазылғандардың бірі жолдамадан бас тартқан жағдайда, бос орындар сайтта көрсетілетін болады.

 

Тіркелгеннен кейін, шипажайға барар алдында 10-15 күн бұрын келесі құжаттармен Бейбітшілік көшесі, № 9 үй, 102 кабинет жолдама алу қажет:

1)  САНАТОРЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ КАРТА  (ТЕРАПЕВТ) + КӨШІРМЕСІ

2)  ЖЕКЕ КУӘЛІК

(сенім хат (+көшірмесі) + заңды тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі

 

Көмек алу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына мына мекенжай бойынша жүгінуге болады: Бейбітшілік көшесі, 14 үй (жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.00 дейін., түскі үзіліс 13.00 ден 14.00 дейін, байл. тел.:8-705-645-06-53, 8-705-645-06-92)

📌  Назар аударыңыз! 2023 жылдың 3 қазанындағы № 84/10-VIII Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын анықтау және әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес, 2024 жылдың қаңтарынан бастап зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу құқығы екі жылда бір рет беріледі.

Анықтама: зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу жолдама құнынан 20% көлемінде төлеммен беріледі; минималды зейнетақы алушыларға зейнеткерлерге жолдама құнынан 15% көлемінде төлеммен  беріледі.