«Балқаш» емдеу-сауықтыру  кешені

«Балқаш» емдеу-сауықтыру  кешені

Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Қарағанды облысының Приозерск қаласында орналасқан «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне  келесі санаттар бойынша жазылу басталғанын хабарлайды:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қақтығыстардың ардагерлері;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларының қатысушылары;
  • Жасы бойынша зейнеткерлер (мүгедектігі бар тұлғаларды қоспағанда, олар үшін әзірленген жеке оңалту және абилитация бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған тұлғалар).

 

Жазылу электрондық форматта birge.astana.kz сайты арқылы, электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦП) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Үйден шықпай-ақ, өз бетіңізше жазылуға болады.

 

Шипажайға жазылу шипажайға баруға жоспарланған айға екі ай қалғанда — алғашқы жұмыс күні сағат 08:00-де ашылады.

Мысалы:

  • наурыз айына жазылу — 2026 жылдың қаңтарда;
  • сәуір айына — 2026 жылдың 2 ақпанында;
  • мамыр айына — 2026 жылдың 2 наурызында
  • маусым айына 1 сәуірінде ашылады және т.б.

 

📌 Назар аударыңыз! Егер жазылғандардың бірі жолдамадан бас тартқан жағдайда, бос орындар сайтта көрсетілетін болады.

 

Тіркелгеннен кейін, шипажайға барар алдында 10-15 күн бұрын келесі құжаттармен Бейбітшілік көшесі, № 9 үй, 102 кабинет жолдама алу қажет:

1)  САНАТОРЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ КАРТА  (ТЕРАПЕВТ) + КӨШІРМЕСІ

2)  ЖЕКЕ КУӘЛІК

(сенім хат (+көшірмесі) + заңды тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі

 

Көмек алу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына мына мекенжай бойынша жүгінуге болады: Бейбітшілік көшесі, 14 үй (жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.00 дейін., түскі үзіліс 13.00 ден 14.00 дейін)

📌 Назар аударыңыз! 2023 жылдың 3 қазанындағы № 84/10-VIII Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын анықтау және әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес, 2024 жылдың қаңтарынан бастап зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу құқығы екі жылда бір рет беріледі.

Анықтама: зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу жолдама құнынан 20% көлемінде төлеммен беріледі; минималды зейнетақы алушыларға зейнеткерлерге жолдама құнынан 15% көлемінде  төлеммен  беріледі.