Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма), Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 03 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының сәйкес, катты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын келесі санаттарға жургізіледі жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға (бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқитын балалар үшін) көрсетіледі.
Өтемақы жылыту маусымына 16 АЕК (62 912 теңге) көлемінде жүргiзiледi.
Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.
Жылыту маусымында жоғарыда аталған әлеуметтік көмек алу үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 - үйде орналасқан Басқармаға төмендегі құжаттарды қосып өтініш ұсынады:
Толық кенес алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
Алматы ауданы бойынша: 55-01-74;
Байқоңыр ауданы бойынша: 55-72-32;
Есіл ауданы бойынша: 55-74-50;
Сарыарқа ауданы бойынша: 55-14-87;
Нұра ауданы бойынша: 55-68-40;
Сарайшық ауданы бойынша: 55-68-22;