Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы келесі санаттарға санаторлық-курорттық емделуге жазылу электрондық форматта birge.astana.kz сайты арқылы, электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦП) қолдану арқылы жүргізіліп жатқанын хабарлайды:
Әр адам өз бетінше, үйде жазыла алады. Нұсқаулыққа сілтеме https://youtube.com/watch?v=6HpkYxww0Rw&feature=shared
Тіркелгеннен кейін, шипа-жайға барар алдында 15 күн бұрын келесі құжаттармен
Бейбітшілік көшесі, № 9 үй, 102 кабинет жолдама алу қажет:
1) САНАТОРЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ КАРТА (ТЕРАПЕВТ) + КӨШІРМЕСІ
2) ЖЕКЕ КУӘЛІК
(сенім хат (+көшірмесі) + заңды тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі
📌 Назар аударыңыз! 2023 жылдың 3 қазанындағы № 84/10-VIII Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын анықтау және әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес, 2024 жылдың қаңтарынан бастап зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу құқығы екі жылда бір рет беріледі.
Анықтама: зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу жолдама құнынан 20% көлемінде төлеммен (67 200 теңге) беріледі; минималды зейнетақы алушыларға зейнеткерлерге жолдама құнынан 15% көлемінде төлеммен (50 400 теңге) беріледі.