Астана қаласының жасы бойынша зейнеткерлеріне санаторлық-куролрттық емделу қызметі
Елордада 140 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткер тұрады. Қамтылатын адамдар санын арттыру мақсатында жасы бойынша зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емге жолдама екі жылда бір рет беріледі. 2025 жылы 6500 зейнеткерге санаторлық-курорттық ем көрсетілу көмегі жоспарлануда.
Ыңғайлылық пен кезектің ашықтығын қамтамасыз ету үшін санаторлық-курорттық емге жазылу birge.astana.kz сайты арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) пайдаланып электронды форматта жүзеге асырылады. Үйден шықпай-ақ өзіңіз жазыла аласыз.
Жыл басынан бастап келесі санаторийлерге сауықтыру-курорттық емге жазылу және жолдамаларды рәсімдеу жүргізілуде:
1 тамыздан бастап «Қатаркөл» санаторийіне 2025 жылғы қыркүйек, қазан, қараша және желтоқсан айларына жазылу ашылатындығын қосымша хабарлаймыз.
Анықтама: зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу жолдама құнынан 20% көлемінде төлеммен (67 200 теңге) беріледі; минималды зейнетақы алушыларға зейнеткерлерге жолдама құнынан 15% көлемінде төлеммен (50 400 теңге) беріледі. Жолдаманың жалпы құны 336 000 теңгені құрайды.