«Парыз-2025» конкурсына құжат қабылдау жүргізілуде
2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына құжат қабылданып жатқанын хабарлаймыз.
Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар байқауға қатысуға жіберілмейді.
Байқау төрт номинациялар бойынша:
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта жолдайды.
Байқау жөнінде толық ақпаратты 55-68-05, 55-68-34, 55-68-11 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы), 57-49-38, 57-49-35, 57-49-36 (Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті), 55-75-74, 55-75-81 (Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы) телефондары арқылы алуға болады.
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 2 қабат, 220 кабинет, эл.пошта: a.nurekenova@astana.kz. b.kasymov@astana.kz.