«Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз

«Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз

«Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз

         «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлаймыз.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді  қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау  басқармасы),                телефондары арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 , 2-қабат,   220 кабинет, жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі, эл.пошта: b.kasymov@astana.kz.