Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек беру тәртібі
Назар аударыңыздар!
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 23 тамызына (қоса алғанда) дейін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елорданың жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу ақысын төлеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдайды.
Жыл сайын Астана қаласының орта мектептерін бітірген түлектер:
Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие 37 мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Басқармаға мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
4) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);
5) туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
6) Астана қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат;
7) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.
8) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.
Маңызды: Көмек отбасының табысын әр мүшесіне шаққанда 4 күнкөріс деңгейінен, яғни аспаған жағдайда көрсетілетін ақшалай төлем түрінде беріледі.
Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алу үшін Сіз Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Бейбітшілік көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша немесе электронды өтінішті https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app веб-порталы арқылы «Электрондық өтініштер» бөлімінде қалдыруыңызға болады.
Өтініш берушілердің назарына:
Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Анықтама нөмірлер:
Алматы ауданы бойынша: 55-01-74, 8 702 837 50 05
Байқоңыр ауданы бойынша: 55-72-32, 8 775 962 91 57
Есіл ауданы бойынша: 55-74-50, 8 771 804 16 25
Нура ауданы бойынша: 55-68-40, 8 702 966 52 29
Сарайшық бойынша: 55-68-22, 8 701 255 20 56
Сарыарқа ауданы бойынша: 55-14-87, 8 702-546-86-95