
Басқарманың Газ инспекциясы және көтергіш құрылымдарды бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары тұрақты негізде Астана қаласының әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарындағы қауіпті техникалық құрылғыларына техникалық куәландыру жүргізуге қатысады.
2025 жылы 6 наурызда құрылыс салушысының жазбаша сұрау хаты шеңберінде, мемлекеттік инспекторлар монтаждаудан кейін лифтілерді толық куәландыруға, лифт шахтасының құрылыс бөлігін тексеріс жүргізуге қатысты.