zhilfond.kz сайты мен «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ - gov.kz сайтында қалған 93 пәтер бойынша «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды.
2 (екі) және 3 (үш) бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрғандар арасында кезекке қойылған күні және отбасы құрамы бойынша жүзеге асырылды.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты өте қырағы болуды сұраймыз. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан несиелерді, қарыздарды өтеуді, тұрғын үй беру үшін шотты арестен алуды алып тастауды сұрамайды.