Құрметті азаматтар! «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінім беруге көмек көрсетуді ұсынатын азаматтар пайда болғанын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Осыған байланысты, алаяқтықты болдырмау үшін сізден өте САҚ және АБАЙ болуыңызды сұраймыз. Бөгде адамдарға жеке деректеріңізді бермеңіз, бөгде адамдарға ақша аударымдарын жасамаңыз, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеңіз және т. б.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – бұл сіздің қолжазба қолтаңбаңыздың сандық аналогы. ЭЦҚ-ға белгілі бір цифрлық құжаттарға қол қою арқылы сіз өз іс-әрекеттеріңіздің заңдылығын растайсыз. Егер сіз ЭЦҚ-ны жоғалтсаңыз немесе оны қандай да бір көмек сылтауымен бөгде адамдарға берсеңіз, онда олар сіздің барлық жеке деректеріңізге қол жеткізе алады. Зиянкестер ЭЦҚ-ны әртүрлі заңсыз әрекеттерде қолдана алады.
«Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында birge.astana.kz порталы арқылы өтініш беру жөніндегі нұсқаулық birge.astana.kz порталының басты бетіндегі «нұсқаулықтар мен құжаттар бөлімінде» жарияланады.
Өтінім беру кезінде сұрақтар туындаған жағдайда сіз порталдың техникалық қолдауына 25-13-25, Тұрғын үй қорына +7 776 198 2970 нөмірі (тек WhatsApp) немесе 28-09-59 нөмірі бойынша жүгіне аласыз, немесе Республика даңғылы, 32 бойынша мекенжайындағы тұрғын үй орталығына өтуіңізге болады.