ТЖМ-де Төтенше жағдайлар министрінің м.а. Е. Нұрпейісовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
МВГК отырысында газбен жабдықтау жүйесі объектілерінің қауіпсіздігін және елдің лифт шаруашылығының жай-күйін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыс бейнеселекторлық режимде өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың басшылары, "Атамекен" ҰКП, "Қазақстанның Ұлттық лифтшілер Қауымдастығы" ЗТБ, "QazaqGazAimaq" АҚ, "КазСтандарт" РМК ұйымдарының өкілдері, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ТЖД және БЖКБ бастықтары қатысты.
Жетекшілік ететін бағыттар бойынша жұмыс туралы сауда және интеграция вице-министрі, Төтенше жағдайлар, Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері сөз сөйлеп, жоғарыда аталған мәселелер бойынша Төтенше жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, бірқатар облыстар әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша Е. Нұрпейісов мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық алдын ала шараларды қабылдауды тапсырды.
Комиссия отырысының соңында хаттамалық шешім қабылданды.