«Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Сіздің назарыңызға мыналарды жеткізеді.

«Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Сіздің назарыңызға мыналарды жеткізеді.
«Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Сіздің назарыңызға мыналарды жеткізеді.
​Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 1 және 71-баптарына сәйкес лифттер қауіпті техникалық құрылғылар және қауіпті өндірістік объектілер болып табылады.
​Заңның 1-бабына сәйкес:
оқыс оқиға - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе зақымдануы, аварияға әкеп соқпаған технологиялық процесті жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;
авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарылуы;
Ұйым (ПИК, МИБ, ЖШС, ТҚК, ЖК, ЖК және т.б.) Заңның 16-бабына сәйкес міндетті:
- азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың (басқарма) және олардың мемлекеттік инспекторларының (басқарма мамандарының) сұрау салулары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде олардың аумақтарында болған авариялар, инциденттер және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;
- қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, инциденттердің есебін жүргізу;
- Басқармаға жарақаттану және оқыс оқиғалар туралы ақпарат беру;
Сонымен қатар, Заңның 82-бабына сәйкес, оқыс оқиға болған кезде қауіпті өндірістік объектіні (лифтті) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым:
- «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ қауіпті өндірістік факторлардың туындағаны және болған оқиға туралы Жергілікті атқарушы органдарды дереу хабардар етеді;
- «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ бір тәулік ішінде хабарлайды;
- оқыс оқиғаға тергеу жүргізеді;
- оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
- болған оқыс оқиғалардың есебін жүргізеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты оқыс оқиға, лифт апаты кезінде (апаттық аялдамалар, лифт жұмысына байланысты зардап шеккен адамдар, лифт құлауы және т.б.) Сізге «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-не дереу хабарлау қажет.