
1) өтініш (ХҚКО-да бірден жазылады);
2) өтініш берушінің және оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің жеке куәлігі (көшірмесі);
3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу туралы /әке болуды анықтау туралы/ № 4 нысан (көшірме), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы анықтама (ХҚКО-дан алынады);
4) өтініш берушінің санатқа қатынасын растайтын құжаттар:
1. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін-куәлік;
2. 1-2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар үшін - мүгедектік туралы анықтама;
3. кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар үшін -ауру туралы анықтама;
4. зейнеткерлер үшін - зейнетақы кітапшасы;
5. жетім балалар үшін - ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік / қорғаншылық туралы қаулы / сот шешімі;
6. оралмандар үшін - оралман куәлігі;
7. экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар үшін - уәкілетті органның анықтамасы/актісі;
8. көп балалы отбасы үшін - көп балалы ана кітапшасы;
9. қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы үшін - уәкілетті органның анықтамасы;
10. толық емес отбасы үшін - некені бұзу/жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы/әке болуды анықтау туралы куәлік/өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы анықтаманың № 4 нысаны (ХҚКО-дан алынады);
5) Егер Сіз мемлекеттік қызметші, бюджеттік ұйымдардың қызметкері, әскери қызметші ретінде кезекке тұрғыңыз келсе, онда Сізге жұмыс орнынан (қызметтен) анықтама ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін жоғарыда аталған санаттың болуы, кемінде үш жыл тұрақты тіркелуі талап етіледі және тұруға жарамды мүлікті иеліктен шығарған сәттен бастап 5 жыл өтуі қажет.
Кезекке қою ХҚКО арқылы өтеді немесе Сіз өзіңіз ЭЦҚ-бен www.egov.kz портал арқылы өтініш бере аласыз.
Есепке қоюдың қаралу мерзімі - 15 күнтізбелік күн.
zhilfond.kz сайтының жаңалықтар мұрағатында www.egov.kz арқылы тұрғын үйге кезекке тұру туралы нұсқаулық бар.