
📌Астана қаласында 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес тұрғын үй қорын реновациялау жобасы іске асырылуда.
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы авариялық үйлерді бұзу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Жұмыс барысында Байқоңыр ауданында, Абай даңғылы, 66/2 мекенжайында орналасқан нысанға тексеру жүргізілді. Аталған мекенжайдағы тұрғын үй бұзылғаннан кейін нысанның аумағы қаралды. Мердігер ұйыммен жұмыстарды жүргізу тәртібі, белгіленген талаптарды сақтау және аумақты тиісті деңгейде күтіп ұстау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, тұрғын үйді авариялық деп тану туралы шешім техникалық тексеру нәтижелері негізінде қабылданады. Ғимараттың физикалық тозу көрсеткіші 61%-дан асқан жағдайда, тұрғын үйді авариялық деп тану мәселесі Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.
Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру және жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау бойынша жұмыстар жалғасуда.