
«Жағалау» тұрғын үй кешені меншік иелерінің бастамасымен көппәтерлі тұрғын үйді күтіп ұстау және басқару мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Жиынға Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Малик Еркебұлан төрағалық етті.
Кездесу барысында ОСИ төрағасы В. Латыш тұрғын үй кешенінің алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы есеп берді.
📌 Кездесуде келесі мәселелер қаралды: ✔️ жоспарлы техникалық жұмыстардың орындалуы және инженерлік желілерді дайындау; ✔️ жылу және элеваторлық тораптардың техникалық жай-күйі; ✔️ аумақтың санитарлық тазалығы, балалар алаңдары мен ортақ пайдалану орындарын күтіп ұстау.
Сонымен қатар, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері ОСИ төрағасы мен үй кеңесінің мүшелеріне көппәтерлі тұрғын үйді тиімді басқару, сервистік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және меншік иелері алдында ашық есептілік жүргізу бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берді.
Осындай кездесулер тұрғындар, басқару органдары және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін уақытылы шешуге және тұрғын үй қорын сапалы күтіп ұстауға мүмкіндік береді.