2026 жылғы 15 маусымда «Астана қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы» басқармасы басшысының орынбасары Е. Мәлік ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп, алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша МИБ төрағаларымен, ПИК және басқарушы компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға өзін мемлекеттік қызметкер және құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстыру арқылы ақша қаражатын аударуды талап ететін алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткені туралы ақпарат жеткізілді. Сонымен қатар, азаматтардың алаяқтарға ақша қаражатын аудару фактілері орын алып отырғаны атап өтілді.
Ішкі істер органдарының өкілдері алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіріп, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда әрекет ету тәртібі бойынша ұсынымдар берді. Сондай-ақ үшінші тұлғаларға жеке деректер мен банк реквизиттерін бермеуге және алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырды.