
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 51-4-бабының 4-тармағына сәйкес, кондоминиум объектісін басқару субъектілері тұрғын үй инспекциясына үш жұмыс күні ішінде:
✅ кондоминиум объектісін басқару қызметінің басталғаны туралы (кондоминиум объектісін көрсете отырып);
✅ кондоминиум объектісін басқару қызметінің тоқтатылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Ақпаратты уақтылы ұсыну тұрғын үй заңнамасы талаптарының сақталуын және басқару субъектілері туралы мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз етеді.
Аталған талапты қызмет барысында ескерулеріңізді сұраймыз.