
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізу сылтауымен жасалатын алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін хабарлайды.
Белгісіз тұлғалар өздерін Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшылығы немесе мамандары ретінде таныстырып, жеке деректерді немесе ақша қаражатын алу мақсатында қоңырау шалып, хабарламалар жіберуде.
Сіздерден қырағылық танытып, құпия ақпаратты, банк карталарының деректемелерін, растау кодтарын хабарламауды, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша қаражатын аудармауды сұраймыз.
Тексеру тағайындалған жағдайда, Басқарманың инспекторлары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тексеруді тағайындау туралы актіні міндетті түрде ұсынатынын ерекше атап өтеміз.
Егер өзін Басқарма қызметкері ретінде таныстырған тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығына қатысты күмән туындаса, ақпаратты нақтылау үшін ресми байланыс арналары арқылы хабарласуды ұсынамыз.