Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Әбдіразақұлы Саиповтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен ережелері, сондай-ақ олардың мемлекетті одан әрі дамыту мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызы түсіндірілді.