
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Әбдіразақұлы Саиповтың төрағалығымен жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. Жиынға басшының орынбасарлары, бөлім басшылары, бас мамандар қатысты.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының 28-бабының 1-тармағында
«Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйден айыруға тек сот шешімі бойынша ғана жол беріледі. Тұрғын үйге кіру, оны қарау және тінту заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жүзеге асырылады»деп көрсетілген.
Ал осы баптың 2-тармағында
«Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санатына тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес беріледі» делінген. Осылайша, мемлекет азаматтардың тұрғын үйіне қол сұқпаушылық құқығына кепілдік беріп, тұрғын үйге мұқтаж санаттарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.