Астана қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері туралы

Астана қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың  ең төмен мөлшері туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқаруға ең төменгі жарналар мөлшерін есептеу әдістемесіне (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 20284 болып тіркелген)  сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері 1 (бір) шаршы метр үшін «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,016 мөлшерінде белгіленсін.
  2. Осы қаулы Астана қаласы мәслихатының қарауына жіберілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Глотовқа жүктелсін.