
Басқарма қызметкерлері кондоминиум объектісін басқару мекемесінің және лифтілерге қызмет көрсететін мекеменің мамандарымен бірлесіп, тұрғындардың өтініші негізінде лифтілерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша Қарталы көшесі, 18/1 үйде орналасқан «Формула успеха» ТК-ге барды. Іс-шара барысында Басқарманың «Газ инспекциясы және көтергіш құрылымдарды бақылау» бөлімінің мамандары лифтілерге техникалық қызмет көрсету тәртібі бойынша түсіндірме беріп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.