Басқарманың Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері елордадағы көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтер және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы жиналыстарына «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң нормаларын түсіндіру мақсатында тұрақты түрде қатысып келеді.

Осы жылдың 19 қаңтарында Мәңгілік Ел даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің меншік иелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау мәселесі қаралды. Жиналысқа Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «Есіл» ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.
 
Жиналыс қорытындысы бойынша Заң талаптары түсіндіріліп, сауалнама парағы іске қосылды.
 
Басқарма «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 47-бабына сәйкес, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару үшін келесі басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті екенін еске салады:
1.тікелей бірлесіп басқару;
2.мүлік иелерінің бірлестігі.
 
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы баптың 1-тармағында көзделген басқару нысанын еркін таңдауға және ауыстыруға құқылы.
 
Кеңес алу үшін 55-74-07 телефонына хабарласуға болады
немесе Басқарманың фронт-офисіне келуіңізге болады: Республика даңғылы, 32.