Жаңа жыл қарсаңында ауа температурасының жоғарылауына, жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуіне және температураның төмендеуіне байланысты көктайғақтың пайда болу қаупі бар. Осыған орай алдын ала келесі шараларды қабылдауларыңызды сұраймыз:
1.Құм, тұз, құм-тұз қоспасы, реагенттер және басқа да көктайғаққа қарсы материалдардың жеткілікті қорын қамтамасыз ету.
2.Аула аумақтарын, кіреберістерді, баспалдақтарды және кірме жолдарды мұздан уақтылы тазалауды ұйымдастыру.
3.Жаяу жүргіншілер аймақтары мен адам көп жүретін орындарға көктайғаққа қарсы материалдар себуді қамтамасыз ету.
4.Жауапты тұлғаларды бекітіп, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, аумақтардың жағдайына тұрақты бақылау жүргізу.
🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨
Алдағы жаңа жыл мерекелерін жарақат алу жағдайларынсыз қауіпсіз өткізу мақсатында аталған мәселеге жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.